Арнайы кедендік статистиканы жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 25 қаңтардағы № 64 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 26 қарашадағы № 810 бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 23-бабының 5-тармағына және «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес арнайы кедендік статистиканы жүйелі жүргізу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Арнайы кедендік статистиканы жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. «Арнайы кедендік статистиканы жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 24 тамыздағы № 521 бұйрығының (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15778 болып тіркелген, 2017 жылғы 4 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiсінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;