Шемонаиха аудандық мәслихатының 2024 жылғы 9 ақпандағы № 13/4-VIII «Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық мәслихатының 2025 жылғы 15 мамырдағы № 33/3-VIII шешімі
Шемонаиха аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шемонаиха аудандық мәслихатының 2024 жылғы 9 ақпандағы № 13/4-VIII «Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8955-16 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Шемонаиха аудандық мәслихатының төрағасы | Г. Акулов |
«КЕЛІСІЛДІ»
«Шығыс Қазақстан облысының
жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламаларды үйлестіру басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
А. Мусинова
___________ 2025 жыл
Шемонаиха аудандық мәслихатының
2025 жылғы 15 мамырдағы
№ 33/3-VIII шешіміне
қосымша
Шемонаиха аудандық мәслихатының
2024 жылғы 9 ақпандағы
№ 13/4-VIII шешіміне
1-қосымша
Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер