«Азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 6 наурыздағы № 190 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2022 жылғы 12 тамыздағы № 22 бұйрығы

«Азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 6 наурыздағы № 190 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2022 жылғы 12 тамыздағы № 22 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 6 наурыздағы № 190 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10716 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу қағидаларында:

6 және 6-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Облыстық маңызы бар қалалар мен аудандардың жергілікті атқарушы органдары, облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қалалардың азаматтық қорғау қызметтері, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелері жыл сайын тиісті жылғы 1-10 қараша аралығында уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне азаматтық қорғаныс іс-шараларының орындалуы туралы есептерді осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша береді.

6-1. Облыстық маңызы бар қалалар мен аудандардың азаматтық қорғау қызметтері, азаматтық қорғаныс санаттарына жатқызылатын ұйымдар, жыл сайын тиісті жылғы 1-10 қараша аралығында уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің аудандық және қалалық Төтенше жағдайлар жөніндегі басқармаларына (бөлімдеріне) азаматтық қорғаныс іс-шараларының орындалуы туралы есептерді осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша береді.»;

12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«12. Азаматтық қорғаныс іс-шараларының орындалуын қамтамасыз ету мыналарға:

1) уәкілетті органына және оның аумақтық бөлімшелеріне;

2) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың орталық және жергілікті атқарушы органдарында азаматтық қорғанысты ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі құрылымдық бөлімшелерге;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.