Ведомстволық нормативтік-техникалық құжаттарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті төрағасының 2014 жылғы 25 қарашадағы № 13 бұйрығы
(2019.30.12. берілгенөзгерістермен)
«Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының12-бабы 2-тармағының 24) тармақшасына сәйкес, сондай-ақ жол құрылысында бұдан әрі кеңінен пайдалану мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
1. 2014 жылғы 5 желтоқсаннан бастап келесі нормативтік-техникалық құжаттар бекітілсін және қолданысқа енгізілсін:
- «Автомобиль жолдарын салу мен жөндеу кезінде сапаны бақылау және жұмыстарды қабылдау жөніндегі нұсқаулық»;
- «Автомобиль жолдарын ақаулықсыз күтіп ұстау ережелері»;
- «Автомобиль жолдарының көліктік-пайдалану жай-күйін диагностикалау және бағалау жөніндегі нұсқаулық»;
- «Автомобиль жолдарында көлік ағыны қозғалысының қарқындылығын есепке алу және болжау жөніндегі нұсқаулық»;