«Жеке сот орындаушысында тағылымдамадан өту қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 26 қарашадағы № 561 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2021 жылғы 15 қазандағы № 888 бұйрығы

«Жеке сот орындаушысында тағылымдамадан өту қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 26 қарашадағы № 561 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2021 жылғы 15 қазандағы № 888 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Жеке сот орындаушысында тағылымдамадан өту қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 26 қарашадағы № 561 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19669 тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жеке сот орындаушысында тағылымдамадан өту қағидасында:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Жеке сот орындаушысының қызметін жүзеге асыруға лицензия алу үшін тағылымдамадан өтуге ниет білдірген және Заңның 140-бабының 2-тармағында, 156-бабының 1-1-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келетін тұлға «Жеке сот орындаушыларының Республикалық палатасы жанындағы оқу орталығы» мекемесіне (бұдан әрі - Оқу орталығы) еркін нысанда өтініш береді.

Тағылымдамадан өтуге рұқсат беру туралы өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

1) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

2) жоғары заң білімі туралы дипломның көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқасы болмаған жағдайда нотариалды куәландырылған);

3) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.