Күзет іс-шараларын жүргізу кезінде арнайы трассалардағы және оларға іргелес жатқан аумақтар мен акваториялардағы жөндеу, құрылыс, монтаж және өзге де жұмыстардың барлық түрлерінің жүргізілуін келісу бойынша нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының 2015 жылғы 25 наурыздағы № 47 бұйрығы
(2016.31.03. берілген өзгерістермен)
«Күзет іс-шараларын жүргізу кезінде арнайы трассалардағы және оларға іргелес жатқан аумақтар мен акваториялардағы жөндеу, құрылыс, монтаж және өзге де жұмыстардың барлық түрлерінің жүргізілуін келісу бойынша нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының 2019 жылғы 30 шілдедегі № 11-190 қбп бұйрығын қараңыз
ҚР Мемлекеттік күзет қызметі бастығының 2016.31.03. № 9 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Жол жүрісі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 814 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы ереженің 21-тармағының 20) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Мемлекеттік күзет қызметі бастығының 2016.31.03. № 9 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Күзет іс-шараларын жүргізу кезінде арнайы трассалардағы және оларға іргелес жатқан аумақтар мен акваториялардағы жөндеу, құрылыс, монтаж және өзге де жұмыстардың барлық түрлерінің жүргізілуін келісу бойынша нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары бөлімшелер жеке құрамының Нұсқаулықты оқып-үйренуін ұйымдастырсын.
3. Осы бұйрықпен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің жеке құрамы таныстырылсын.
4. Бұйрықтың орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасарына жүктелсін.