«Сараптама комиссиясын не сарапшыны тарту қажет болатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 20 қаңтардағы № 60 бұйрығы (күші жойылды)

Сараптама комиссиясын не сарапшыны тарту қажет болатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 20 қаңтардағы № 60 бұйрығы

 

ҚР Қаржы министрінің 2024 жылғы 16 тамыздағы № 552 бұйрығымен күші жойылды

 

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 16-бабы 11-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес сараптама комиссиясын не сарапшыны тарту қажет болатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі айқындалсын.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектордың сатып алуы заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.