Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 28 мамырдағы № 345 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Бюджеттің қазынашылық атқарылуы және оларға кассалық қызмет көрсету рәсімдерін, қазынашылық есепке алу және мониторинг рәсімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 328 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
осы бұйрықпен бекітілген Бюджеттің қазынашылық атқарылуы және оларға кассалық қызмет көрсету рәсімдерінде, қазынашылық есепке алу және мониторинг рәсімдерінде:
420-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«420. Құрылысқа байланысты бюджеттік инвестициялық жобаны іске асыру кезінде бас мердігердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алумен байланысты төлемдері және (немесе) ақша аударымдары бас мердігердің № 208 қаулыда белгіленген нысан бойынша төлем тапсырмасын қалыптастыру жолымен мемлекеттік сатып алудың қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы ақша қалдықтары шегінде келесі шарттар сақталған кезде жүргізіледі:
1) бас мердігердің төлем тапсырмасын қалыптастыруы үшін төлем сертификаты («Қазынашылық-клиент» ақпараттық жүйесі бойынша қызмет көрсету кезінде түпнұсқадан сканерленген кескін ұсынылады), электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінен «Қазынашылық-клиент» ақпараттық жүйесіне интеграцияланған электрондық шот-фактура негіз болып табылады;
2) 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін мемлекеттік қазынашылық органдарында тіркелген мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша үстеме шығыстарды төлеуді қоспағанда, бас мердігердің мемлекеттік қазынашылықта ашылған мемлекеттік сатып алудың қолма-қол ақшасын бақылау шотынан оның екінші деңгейдегі банктерде ашылған шоттарына үстеме шығыстарды төлеуіне жол берілмейді.