Жетісу облысы Талдықорған қаласының бас жоспары (негізгі ережелерді қоса алғанда) туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 31 желтоқсандағы № 1213 Қаулысы
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 19-бабының 5) тармақшасына сәйкес Жетісу облысының Талдықорған қаласының кешенді дамуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған, Жетісу облысы мен Талдықорған қаласының мәслихаттары мақұлдаған Жетісу облысы Талдықорған қаласының бас жоспарының (негізгі ережелерді қоса алғанда) жобасы бекітілсін.
2. «Алматы облысы Талдықорған қаласының бас жоспары туралы (негізгі ережелерді қоса алғанда)» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 15 қыркүйектегі № 568 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
Үкіметінің
2025 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1213 қаулысымен
бекітілген
Жетісу облысы Талдықорған қаласының
бас жоспары
(негізгі ережелерді қоса алғанда)
2-тарау. Бас жоспардың мақсаты
4-тарау. Табиғи-климаттық және инженерлік-геологиялық жағдай
5-тарау. Әлеуметтік-экономикалық даму
2-параграф. Тұрғын үй-азаматтық құрылыс
5-параграф. Экономикалық қызмет
6-тарау. Қала құрылысын дамыту
8-тарау. Инженерлік инфрақұрылым
5-параграф. Электрмен жабдықтау
7-параграф. Аумақты санитариялық тазарту
9-тарау. Аумақты инженерлік тұрғыдан дайындау және инженерлік қорғау
10-тарау. Стратегиялық экологиялық бағалау