«Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 13 сәуірдегі № 265 Қаулысы

«Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 13 сәуірдегі № 265 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ережеде:

15-тармақта:

116) тармақша алып тасталсын;

177) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«177) Қазақстан Республикасының балаларды денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғау туралы заңнамасының масс-медиада, телекоммуникация желілерінде, онлайн-платформаларда сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;»;

202) тармақша алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 202-1) тармақшамен толықтырылсын:

«202-1) мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары және олардың орынбасарлары жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау қағидаларын әзірлеу;»;

1-тармағының оныншы - он бесінші абзацтары 2026 ж. 21 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді

335) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«335) мәдениет және креативті индустриялар мәселелері бойынша тұрақты жұмыс істейтін комиссияны құру және ол туралы ережені бекіту;»;

371) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«371) шығармашылық қызметтің және креативті индустриялардың түрлі салаларында ұлттық (республикалық) және халықаралық конкурстар мен фестивальдер, сыйлықтар мен жүлделер тағайындау;»;

380) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«380) өз құзыреті шегінде республика (ауылдық, кенттік, аудандық, қалалық, облыстық, республикалық) мәдениет ұйымдарының қызметін үйлестіру, мәдениет және креативті индустриялар мәселелері бойынша шығармашылық одақтармен және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;»;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.