Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрiнiң міндетін атқарушының
2015 жылғы 25 мамырдағы
№ 622 бұйрығына 4-қосымша
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 13 қазандағы № 527 бұйрығымен күші жойылды
«Радиомен хабарлау аппаратурасын пайдалануға рұқсат беру»
мемлекеттік қызмет регламенті
1. «Радиомен хабарлау аппаратурасын пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі - қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерін беру қызмет берушінің кеңсесі немесе www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - Портал) арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің үлгісі: қағаз және (немесе) электронды (жартылай автоматтандырылған) түрде.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі Радиомен хабарлау аппаратурасын пайдалануға рұқсат беру болып есептеледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық түрде.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің процесінде қызмет
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
іс-әрекеті тәртібінің сипаттамасы
3. 2015 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі бұйрығымен бекітілген № 499 (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 11349 болып тiркелген) «Радиомен хабарлау аппаратурасын пайдалануға рұқсат беру» Стандартының 9-тармағына сәйкес Қызмет берушінің мемлекеттік көрсетілетін қызметке қажетті қызметті алушының ұсынылған құжаттарын алуы мемлекеттік көрсетілетін қызмет ресімді (әрекетті) бастауға негіздеме болып есептеледі.
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінің ресімдері (әрекеттері):
1) 30 минут ішінде қызмет берушінің кеңсе қызметкерімен өтінімінді қабылдау күнін мне тіркеу нөмрін берілу;