Сәулет, қала құрылысы және құрылыс
саласындағы мемлекеттік нормативтер
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕРЕЖЕЛЕР ЖИНАҒЫ
ҚР ЕЖ 3.02-145-2023
«Ақылды үй» үй автоматтандыруы бар
ғимараттарға қойылатын жалпы талаптар
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс
министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық істері комитеті
МАЗМҰНЫ
4. «АҚЫЛДЫ ҮЙ» ЖҮЙЕСІНІҢ АРХИТЕКТУРАСЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ЖАЛПЫ ТАЛАПТАР
5. АҚЫЛДЫ ҮЙ» ЖҮЙЕЛЕРІМЕН ЖАБДЫҚТАЛҒАН ҒИМАРАТТАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТЕХНИКАЛЫҚ ТАЛАПТАР
6. «АҚЫЛДЫ ҮЙ» ЖҮЙЕСІ ҮШІН ЭНЕРГИЯНЫ ҮНЕМДЕУГЕ АРНАЛҒАН ҰСЫНЫСТАР
А-ҚОСЫМШАСЫ (міндетті). КПТҮ АҮАЖ-ға қойылатын функционалдық талаптар
Б-ҚОСЫМШАСЫ (міндетті). Пайдаланушыларға қызмет көрсету жүйесіне қойылатын функционалдық талаптар
Д-ҚОСЫМШАСЫ (міндетті). КПТҮ АҮАЖ жүйелерінің сапалық сипаттамаларының критерийлері
«Ақылды үй» (ағылш. тілінен Smart House, Intelligent Building) - бұл жоғары технологиялық құрылғылардың көмегімен адамдардың өмір сүруіне ыңғайлы болу үшін ұйымдастырылған заманауи типтегі тұрғын үй. «Ақылды үй» ұғымы 1970 жылдарда тұжырымдалған: «Жұмыс кеңістігін өнімді және тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін ғимарат...», (The Intelligent Building Institute Of US, Вашингтон қ.).
Қазіргі уақытта ақпараттық технологиялар адам өміріне айтарлықтай әсер етті, әр түрлі IT шешімдері көппәтерлі тұрғын үйдің (бұдан әрі - КПТҮ) өмірін қамтамасыз ету үшін көптеген түрлі шешімдерді ұсынады.
Әртүрлі қашықтан бақылау және тұрғын үй ғимаратын басқару смарт-жүйелерін пайдаланудан күтілетін нәтижелер келесідей тұжырымдалуы мүмкін: