Қабылданған халықаралық міндеттемелер шеңберінде өңдеуші өнеркәсіптің отандық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын, өңдеуші өнеркәсіптің отандық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерінің, сондай-ақ оларды сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша шығындары ішінара өтелетін ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің м.а. 2022 жылғы 1 тамыздағы № 314-НҚ бұйрығы
(2024.18.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2024 жылғы 9 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
«Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) және 3) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес қабылданған халықаралық міндеттемелер шеңберінде өңдеуші өнеркәсіптің отандық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес оларды ілгерілету бойынша шығындар ішінара өтелетін өңдеу өнеркәсібінің отандық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерінің тізбесі;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес оларды ілгерілету бойынша шығындар ішінара өтелетін отандық ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтердің тізбесі бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша кейбір нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Экспортты ілгерілету департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: