(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНА ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУДЫ ҰСЫНУ ЖӨН...

Білім беру ұйымдарына қашықтықтан оқытуды ұсыну жөніндегі талаптарды және қашықтықтан оқыту бойынша және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша онлайн-оқыту нысанында оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 137 бұйрығы

(2022.22.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2023 жылғы 7 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды 

 

ҚР Білім және ғылым министрінің 2021.03.11. № 547 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 2022.06.10. № 97 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2022 ж. 22 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 25) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Білім және ғылым министрінің 2021.03.11. № 547 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 2022.06.10. № 97 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (2022 ж. 22 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Білім беру ұйымдарына қашықтан оқытуды ұсыну бойынша қойылатын талаптар;

2) Қашықтықтан оқыту бойынша және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары жөнінде онлайн-оқыту нысанында оқу процесін ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.

2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, халықаралық ынтымақтастық департаменті (Ж.Қ. Шаймарданов):

1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты ресми жариялауды қамтамасыз етсін;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау білім және ғылым вице-министрі Т.О. Балықбаевқа жүктелсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.