«Ортақ су пайдаланудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 19-1/252 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің м.а. 2025 жылғы 30 мамырдағы № 104-НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ортақ су пайдаланудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 19-1/252 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11434 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ортақ су пайдаланудың үлгілік қағидаларында:
17-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) ескерту немесе тыйым салу жазулары бар арнайы ақпараттық белгілер қойылған орындарда шомылуға;».