Жезқазған қалалық мәслихатының 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 38/347 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің Жезқазған қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 2019 жылғы 29 қарашадағы № 39/345 шешімі
Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 2021 жылғы 19 ақпандағы № 2./18 шешімімен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Жезқазған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Жезқазған қалалық мәслихатының 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 38/347 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің Жезқазған қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3636 нөмірімен тіркелген, 2016 жылы 5 ақпандағы «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2016 жылғы 19 ақпандағы № 8 (7968) «Сарыарқа» газетінде және 2016 жылғы 19 ақпандағы № 8 (110) «Жезказганский вестник» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
2-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталынсын.
көрсетілген шешіммен бекітілген Қағиданың 6 тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын:
«6. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесі:
1) 1-2 қаңтар - Жаңа жыл;
2) 15 ақпан - Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні;