«Жекешелендірудің 2016 - 2020 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1141 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 114 Қаулысы

«Жекешелендірудің 2016 - 2020 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1141 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 114 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Жекешелендірудің 2016 - 2020 жылдарға арналған кейбір мəселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1141 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., №77-78-79, 588-құжат) мынадай толық тырулар енгізілсін:

1-тармақтың 2) тармақшасындағы «индикаторлары бекітілсін.» деген сөздер «индикаторлары;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

«3) жекешелендірілетін компаниялардың тізіміне енгізудің түйінді өлшемшарттары (қағидаттары) бекітілсін.»;

осы қаулыға қосымшаға сəйкес жекешелендірілетін компаниялардың тізіміне енгізудің түйінді өлшем шарттарымен (қағидаттарымен) толықтырылсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.