«Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға рұқсаттар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 992 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің м.а. 2023 жылғы 15 тамыздағы № 642 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға рұқсаттар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 992 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12880 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға рұқсаттар беру қағидаларында:
2-тармақтың 2) және 29) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) адам саудасының құрбанын бірдейлендіру – адамды адам саудасына, оның ішінде кәмелетке толмағандарға, оларды пайдаланудың өзге де түрлеріне байланысты іс-әрекеттер салдарынан әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгез қарым-қатынастан зардап шеккендерге жатқызу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 528, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 1 шілдедегі № 123, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 271 және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 190 бірлескен бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 1 шiлдеде № 33002 болып тіркелді) әлеуметтік бейімсіздік пен әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгез қарым-қатынастың болуын бағалау өлшемшарттарына сәйкес адамдарды ұрлау;