«Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің қызметтік куәлігін беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2018 жылғы 19 қаңтардағы № 3-НҚ нормативтік қаулысы

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің қызметтік куәлігін беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2018 жылғы 19 қаңтардағы № 3-НҚ нормативтік қаулысы

 

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабының 4-тармағына сәйкес Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі - Есеп комитеті) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Мыналар:

1) осы нормативтік қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің қызметтік куәлігін беру қағидалары;

2) осы нормативтік қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің қызметтік куәлігінің сипаттамасы бекітілсін.

2. Заң бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы нормативтік қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы нормативтік қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерінің Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3) осы нормативтік қаулының Есеп комитетінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы нормативтік қаулының орындалуын бақылау Есеп комитетінің аппарат басшысына (Қ.С. Әбдірайымов) жүктелсін.

4. Осы нормативтік қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Республикалық бюджеттің

атқарылуын бақылау жөніндегі

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.