«Көлік құралын жасаушыға халықаралық сәйкестендіру кодын беру туралы куәліктің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № 877 бұйрығы (күші жойылды)

Көлік құралын жасаушыға халықаралық сәйкестендіру кодын беру туралы куәліктің нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № 877 бұйрығы

 

ҚР Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 27 мамырдағы № 368-НҚ бұйрығымен 2021 ж. 1 шілдеден бастап күші жойылды

 

«Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы бірінші бөлігінің 3-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Көлік құралын жасаушыға халықаралық сәйкестендіру кодын беру туралы куәліктің нысаны осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.