(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ШИКІ ГАЗДЫ ФАКЕЛДЕ ЖАҒУҒА РҰҚСАТ БЕРУ ҚАҒИДАЛАРЫН Б...

Шикі газды факелде жағуға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 25 сәуірдегі № 140 бұйрығы

(2021.06.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2023 жылғы 13 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Энергетика министрінің 2020.10.04. № 138 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2021.06.10. № 314 бұйрығымен (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 146-бабының 4-тармағына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Шикі газды факелде жағуға рұқсат беру қағидалары бекітілсін.

2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекция департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.