«Елді мекендер мен өнеркәсіптік кәсіпорындардың аумақтарынан ағатын жаңбыр суын, еріген, инфильтрациялық, суару-жуу, дренаждық суларды нөсерлік (дренаждық) кәріз жүйесі арқылы бұру және тазарту бойынша көрсетілетін қызметтердің құны мен көлемін есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 29 қазандағы № 459 бұйрығы

Елді мекендер мен өнеркәсіптік кәсіпорындардың аумақтарынан ағатын жаңбыр суын, еріген, инфильтрациялық, суару-жуу, дренаждық суларды нөсерлік (дренаждық) кәріз жүйесі арқылы бұру және тазарту бойынша көрсетілетін қызметтердің құны мен көлемін есептеу әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 29 қазандағы № 459 бұйрығы

 

Қазақстан Республикасы Су кодексінің 25-бабының 2-тармағы 9) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 864 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі туралы Ереженің 15-тармағы 452-3) сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Елді мекендер мен өнеркәсіптік кәсіпорындардың аумақтарынан ағатын жаңбыр суын, еріген, инфильтрациялық, суару-жуу, дренаждық суларды нөсерлік (дренаждық) кәріз жүйесі арқылы бұру және тазарту бойынша көрсетілетін қызметтердің құны мен көлемін есептеу әдістемесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы Су ресурстары

және ирригация министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы Экология

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.