«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 8 желтоқсандағы № 1064 Қаулысы

«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 8 желтоқсандағы № 1064 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ережеде:

15-тармақта:

26-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«26-1) салықтық жеңілдіктердің тиімділігін және оларды одан әрі қолданудың орындылығын бағалауды қамтитын салықтық шығыстар туралы талдамалық есеп жасау;»;

26-3) тармақша алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 26-5), 26-6), 26-7), 26-8), 26-9), 26-10), 26-11), 26-12), 26-13), 26-14), 26-15), 26-16), 26-17), 26-18), 26-19), 26-20), 26-21), 26-22), 26-23), 26-24) және 26-25) тармақшалармен толықтырылсын:

«26-5) білім алушы адамның тұруына және оған ақша сомасын төлеуге арналған іс жүзінде жұмсалған шығыстардың шекті нормаларын белгілеу;

26-6) көмірсутектер саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп пайдалы қазбаларды өндіру салығының, экспортқа рента салығының, роялтидің және мемлекет атынан алушыға Қазақстан Республикасының өнімді бөлу бойынша үлесінің белгіленген мөлшерлемелеріне қолданылатын теңестіру коэффициентін айқындау немесе өзінің өндірістік мұқтаждықтарына пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;

26-7) салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық атқарушы органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік қорғалуға құқығы бар жеке тұлғалардың жекелеген санаттарының тізбесін әзірлеу және бекіту;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.