«Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманың сақталуы бойынша тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін және тексеру парағын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 4 мамырдағы № 102 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2023 жылғы 4 мамырдағы № 57 бірлескен бұйрығы (күші жойылды)

Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманың сақталуы бойынша тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін және тексеру парағын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 4 мамырдағы № 102 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2023 жылғы 4 мамырдағы № 57 бірлескен бұйрығы

 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2024 жылғы 20 маусымдағы № 96 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 2024 жылғы 24 маусымдағы № 38 бірлескен бұйрығымен күші жойылды

 

БҰЙЫРАМЫЗ:

1. Қоса берілген:

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманың сақталуы бойынша тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері осы бірлескен бұйрықтың 1- қосымшасына сәйкес;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсететін орталық мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы тексеру парағы осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту, мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасын бағалау және бақылау департаменті заңнамамен белгіленген тәртіпте:

1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет- ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бірлескен бұйрықтың орындауын бақылау мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау және бағалау мәселелеріне жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасарына жүктелсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.