2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы
Маңғыстау облыстық мәслихатының 2025 жылғы 12 желтоқсандағы № 24/278 шешімі
(2026.16.02. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және «2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Маңғыстау облыстық мәслихатының 2026.16.02. № 25/291 шешімімен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. 2026 - 2028 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше осы шешімге 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес оның ішінде 2026 жылға келесідей көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 452 018 300,0 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 122 069 640,8 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 10 607 051,5 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 63 856,0 мың теңге;
арнаулы түсімдер бойынша - 12 492 335,0 мың теңге;
трансферттер түсімдері бойынша - 306 785 416,7 мың теңге;
2) шығындар - 443 285 246,5 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - -1 761 422,7 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 10 945 725,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 12 707 147,7 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 12 141 847,9 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 12 141 847,9 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге:
5) бюджет тапшылығы (профицит) - -1 647 371,7 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 1 647 371,7 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімі - 8 845 725,0 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 7 198 450,7 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 97,4 мың теңге.
2. 2026 жылға қалалар мен аудандардың бюджеттеріне кірістерді бөлу нормативтері мынадай мөлшерлерде белгіленсін:
әлеуметтік салық:
Бейнеу ауданына - 0 пайыз;
Қарақия ауданына - 0 пайыз;
Маңғыстау ауданына - 0 пайыз;
Мұнайлы ауданына - 0 пайыз;
Түпқараған ауданына - 0 пайыз;
Ақтау қаласына - 0 пайыз;