Банкке, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына еншiлес ұйымды құруға немесе иеленуге, ұйымның капиталына елеулі қатысуына, банктің стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге рұқсат беру, еншілес ұйымды құруға, иеленуге, ұйымның капиталына елеулі қатысуға берілген рұқсатты кері қайтарып алу және (немесе) күшін жою қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 31 наурыздағы № 31 Қаулысы
«Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 32-бабының 7-тармағына, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 9-6-бабының 6-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 29-бабының 7-тармағына және 30-бабының 1-тармағына, ««Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Банкке, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына еншiлес ұйымды құруға немесе иеленуге, банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ұйым капиталына елеулі қатысуына, банктің стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге рұқсат беру, еншілес ұйымды құруға, иеленуге, ұйымның капиталына елеулі қатысуға берілген рұқсатты кері қайтарып алу және (немесе) күшін жою қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) бекітілсін.