««Жеке сот орындаушыларының қызметін бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 1 ақпандағы № 171 бұйрығының кейбір құрылымдық элементтерінің әрекеттерін тоқтата тұру туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2026 жылғы 10 сәуірдегі № 339 бұйрығы

««Жеке сот орындаушыларының қызметін бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 1 ақпандағы № 171 бұйрығының кейбір құрылымдық элементтерінің әрекеттерін тоқтата тұру туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2026 жылғы 10 сәуірдегі № 339 бұйрығы

 

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 1 ақпандағы № 171 бұйрығымен бекітілген Жеке сот орындаушыларының қызметін бақылауды жүзеге асыру қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16376 болып тіркелген) (бұдан әрі - Қағидалар) 3-1, 12, 13, 20-1 - тармақтарының, 22-тармағының екінші абзацының қолданысы 2026 жылғы 30 қазанға дейін тоқтатыла тұрсын.

2. 2026 жылғы 12 шілдеге дейін тоқтатыла тұру кезеңінде мыналар бекітілсін:

Қағидалардың 3-1-тармағы мынадай редакцияда қолданылады:

«3-1. Жеке сот орындаушыларының қызметіне бақылау «Атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі» ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - ақпараттық жүйе) арқылы жүзеге асырылады.»;

Қағидалардың 12 және 13-тармақтары мынадай редакцияда қолданылады:

«12. Жеке сот орындаушыларын жоспарлы бақылауды аумақтық әділет органының лауазымды тұлғасы (-лары) жүргізеді.

Қажет болған жағдайларда жоспарлы бақылауды уәкілетті орган басшылығының тапсырмасы бойынша уәкілетті органның қызметкері (лерінің) қатысуымен жүргізеді.

13. Жеке сот орындаушыларының қызметін жоспарлы бақылаудың нысанасы атқарушылық іс жүргізуді ақпараттық жүйе арқылы зерделеу және тексеру болып табылады.»;

Қағидалардың 20-1-тармағы мынадай редакцияда қолданылады:

«20-1. Бақылау жүргізген тұлғалар осы Қағидалардың 20-тармағында көрсетілген ақпаратты алғаннан кейін, бес жұмыс күні ішінде қорытындыда көрсетілген бұзушылықтарды жоюдың дұрыстығын ақпараттық жүйе арқылы салыстырады.»;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.