Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынына арналған акциздер мөлшерлемелерін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 6 сәуірдегі № 173 Қаулысы
(2019.13.12. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2021 жылғы 8 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 463-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынына арналған акциздер мөлшерлемелері бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
ҚР Үкіметінің 2018.29.11. № 793 Қаулысымен мөлшерлемелері өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2019.29.05. № 331 Қаулысымен (2019 ж. 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.13.12. № 928 Қаулысымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) мөлшерлемелері жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 6 сәуірдегі
№ 173 қаулысымен
бекітілген
Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынына арналған акциздер
мөлшерлемелері
| Р/с № | 1 тоннаға акциздер мөлшерлемелері (теңгемен) | |||
| Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2710 12411 0- 2710 12590 0) | Дизель отыны (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2710 19310 0- 2710 19 480 0) | |||
| 1 | 2 | 3 | 4 | |
| 1. | Өндірушілердің өздері өндірген бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын көтерме саудада өткізуі (шілде - қараша) | 24 435 | 9300 | |
| 2. | Өндірушілердің өздері өндірген бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын көтерме саудада өткізуі (желтоқсан - маусым) | 24 435 | 540 | |