«Федоров ауданы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2025-2029 жылдарға арналған жоспарды бекіту туралы» Қостанай облысы Федоров ауданы мәслихатының 2025 жылғы 30 сәуірдегі № 180 шешімі

Федоров ауданы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2025-2029 жылдарға арналған жоспарды бекіту туралы
Қостанай облысы Федоров ауданы мәслихатының 2025 жылғы 30 сәуірдегі № 180 шешімі

 

«Жайылымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1) тармақшасына сәйкес Федоров аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Қоса беріліп отырған Федоров ауданы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2025-2029 жылдарға арналған жоспар бекітілсін.

2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Федоров аудандық мәслихатының төрағасы

Б. Исенгазин

 

Федоров аудандық мәслихатының

2025 жылғы 30 сәуірдегі

№ 180 шешімімен

бекітілген

 

 

Федоров ауданы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі

2025-2029 жылдарға арналған жоспар

 

Осы Федоров ауданы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2025-2029 жылдарға арналған жоспар (бұдан әрі - Жоспар) «Жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 173 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15090 болып тіркелген) бұйрығына, «Жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 3-3/332 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11064 болып тіркелген) бұйрығына, «Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі үлгілік жоспарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 29 шілдедегі № 263 (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 29 шілдеде № 34831 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес әзірленді.

Жоспар жайылымдарды ұтымды пайдалану, азыққа деген қажеттілікті орнықты қамтамасыз ету және жайылымдардың тозу процестерін болдырмау мақсатында қабылданады.

Жоспарды әзірлеген кезде мыналар ескеріледі:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.