Осы редакция 2015 жылғы 17 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің м.а.
2010 жылғы 23 сәуірдегі
№ 136 бұйрығына
5-қосымша
Тауар шығарылған жерлердің атауы мен тауар шығарылған жерлердің атауын
пайдалану құқығына берілетін өтінімді жасау, рәсімдеу және қарастыру жөніндегі
нұсқаулық
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және тауардың шығарылған жерінің атауын пайдалану құқығын ресімдеу мен беру өтінімді жасауын нақтылайды, ресімдеу және қарайды, сондай-ақ тауардың шығарылған жерінің атауын пайдалану құқығына куәлік берудің ретін белгілейді.
2. Осы Ережеде келесі негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) тауар шығарылған жердің атауы - бұл ерекше қасиеттері тек қана немесе негізінен оны шығаратын жермен, оның ішінде табиғи жағдайлармен және (немесе) адам факторларымен байланысты тауарды белгілеу үшін пайдаланылатын географиялық көрсеткіш;
2) өтініш беруші - тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығын тіркеуге және беруге өтінім берген, жеке немесе заңды тұлға;
3) сараптама жасау ұйымы - мемлекеттік монополияға жатқызылған салаларда (тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбаларын және тауар шығарылған жерлердің атауларын, қорғау саласында қызмет көрсету) қызметтің жүзеге асыратын, уәкілетті органға ведомстволық бағынысты ұйым;
4) уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - Қазақстан Республикасы Зияткерлік меншік құқығы комитеті;
5) Тауарлар мен қызметтердің халықаралық сыныптамасы (бұдан әрі ТҚХС) - 1957 жылғы 15 маусымдағы Ницца келісімімен қабылданған, кейіннен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген сыныптама;
6) Дүниежүзілік Зияткерлік меншік Ұйымы (бұдан әрі - ДЗМҰ) - Зияткерлік меншік саласында елдің ынтымақтастықты және халықаралық саясатты реттейтін және қамтамасыз ететін халықаралық ұйым.