«Сот отырысының барысын тіркеп жазуды қамтамасыз ететін аудио- немесе бейнежазу құралдарын техникалық қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Аппараты) Басшысының 2015 жылғы 3 шілдедегі № 336 бұйрығы (күші жойылды)

Сот отырысының барысын тіркеп жазуды қамтамасыз ететін аудио- немесе бейнежазу құралдарын техникалық қолдану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Аппараты) Басшысының 2015 жылғы 3 шілдедегі № 336 бұйрығы

 

ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппаратының) басшысының 2015 жылғы 24 қарашадағы № 6001-15-7-6/486 бұйрығымен күші жойылды

 

1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің 257-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Сот отырысының барысын тіркеп жазуды қамтамасыз ететін аудио- немесе бейнежазу құралдарын техникалық қолдану қағидаларын бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Жергілікті соттардың және кеңселердің қызметін ұйымдық-құқықтық қамтамасыз ету бөлімі:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) мемлекеттік тіркегеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде осы бұйрықтың мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) басшысының орынбасары Қ.О. Елібаевқа жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Жоғарғы Сотының жанындағы

Соттардың қызметін қамтамасыз

ету департаменті (Қазақстан

Республикасы Жоғарғы Сотының

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.