(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ӘСКЕРИ ОҚУ ОРЫНДАРЫ МЕН ӘСКЕРИ КАФЕДРАЛАРДАҒЫ ОҚУ-М...

Әскери оқу орындары мен әскери кафедралардағы оқу-материалдық базаны ұйымдастыру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 2 тамыздағы № 411 бұйрығы

(2024.13.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2025 жылғы 11 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Қорғаныс министрінің 2024.29.01. № 65 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2024 ж. 13 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

«Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабы 2-тармағының 26-20) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Әскери оқу орындары мен әскери кафедралардағы оқу-материалдық базаны ұйымдастыру және пайдалану қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Білім және ғылым департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Респ убликалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

3) осыбұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

ҚР Қорғаныс министрінің 2021.30.04. № 271 бұйрығымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.