(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТЕН ҚАРЖЫЛАНДЫРЫЛАТЫН ТАЛДАМАЛЫ...

Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын талдамалық және әлеуметтанушылық зерттеулерді және шетелдік ұйымдармен бірлескен зерттеулерді іріктеу, сондай-ақ талдамалық және әлеуметтанушылық зерттеулер шығындарының құрылымын айқындау жөніндегі әдістемені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 13 маусымдағы № 214, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 18 маусымдағы № 605 және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 26 маусымдағы № 307 бірлескен бұйрығы

 

Осы редакция 2021 жылғы 28 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 339-76) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

1. Қоса беріліп отырған Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын талдамалық және әлеуметтанушылық зерттеулерді және шетелдік ұйымдармен бірлескен зерттеулерді іріктеу, сондай-ақ талдамалық және әлеуметтанушылық зерттеулер шығындарының құрылымын айқындау жөніндегі әдістеме бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Макроэкономикалық талдау және болжамдау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде қағаз және электрондық түрдегі оның көшірмесін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жіберілуін;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.