«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволары мен аумақтық органдары туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 662 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің м.а. 2026 жылғы 10 шілдедегі № 486 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволары мен аумақтық органдары туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 662 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9792 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Қарағанды облысы және Ұлытау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті туралы ережеде (30-қосымша)
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Департаменттің орналасқан жері: пошталық индексі: M06F3F4 (100000), Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Қазыбек би атындағы ауданы, Бұқар Жырау даңғылы, 9А құрылыс.».
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Қарағанды облысы және Ұлытау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: