«Медициналық қызметке лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 18 сәуірдегі № 132 қаулысымен бекітілген) (2018.12.06. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Жамбыл облысы әкімдігінің

2016 жылғы 18 сәуірдегі

№ 132 қаулысымен

 бекітілген

 

Жамбыл облысы әкімдігінің 2021 жылғы 5 ақпандағы № 36 Қаулысымен күші жойылды

 

«Медициналық қызметке лицензия беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

(2018.12.06. берілген өзгерістермен)

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Медициналық қызметке лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Медициналық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 294 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11356 болып тіркелген) бекітілген «Медициналық қызметке лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - стандарт) сәйкес, «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:

1) Жамбыл облысы әкімдігінің 2018.12.06. № 114 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);

3) www.egov.kz  «электрондық үкімет» веб-порталы, www.elicense.kz  (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі - медициналық қызметке лицензия және (немесе) лицензияға қосымша, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу, лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасы не стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздемелер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

 

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.