«Кемелерді өлшеу жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 4 маусымдағы № 359 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 8 шілдедегі № 359 бұйрығы

«Кемелерді өлшеу жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 4 маусымдағы № 359 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 8 шілдедегі № 359 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Кемелерді өлшеу жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 4 маусымдағы № 359 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18799 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кемелерді өлшеу жөніндегі қағидаларда:

орыс тілдегі мәтіндегі 5-тармаққа өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгерілмейді;

мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:

«5-1. Кемелердің сыйымдылығын, жарығын есептеуді және құжаттарды ресімдеуді қоса алғанда, кемелерді өлшеу жөніндегі жұмыстарды кеме иесінің өтінімдері бойынша шетелдік сыныптау қоғамдары жүзеге асырады.»;

мынадай мазмұндағы 3 және 4-тараулармен толықтырылсын:

«3-тарау. Халықаралық өлшеу куәлігі.

17. Сыйымдылығы Қағидаларға сәйкес айқындалған халықаралық рейстерді орындайтын кемелерге шетелдік сыныптау қоғамдары Кемелерді өлшеу жөніндегі халықаралық конвенциямен бекітілген тәртіпте және нысан бойынша Халықаралық өлшеу куәлігін береді.

18. Кемеге Халықаралық өлшеу куәлігін беруді кеме иесінің өтінімі бойынша шетелдік сыныптау қоғамдары жүзеге асырады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.