Талдықорған қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жолақы жеңілдігін беру туралы
Жетісу облысы Талдықорған қалалық мәслихатының 2025 жылғы 25 сәуірдегі № 36-204 бірлескен шешімі және Талдықорған қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 25 сәуірдегі № 276 қаулысы
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 33-бабына, «Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6, 37 баптарына, «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5, 6 баптарына, «Автомобиль көлiгi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес, Талдықорған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Талдықорған қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: