«Өсімдіктерді қорғау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 15-05/1135 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 821 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 5 сәуірдегі № 108 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 6 сәуірдегі № 37 бірлескен бұйрығы
БҰЙЫРАМЫЗ:
1. «Өсімдіктерді қорғау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 15-05/1135 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 821 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12744 болып тіркелген, 2016 жылғы 3 ақпанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мыналар:
1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес өсімдіктерді қорғау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес ауыл шаруашылығы мақсатындағы объектілерде, сондай-ақ автомобиль, теміржол жолдарының бөлінетін жолақтары мен қорғау аймағында және зиянды және аса қауіпті зиянды организмдердің мекендеу орындары болып табылатын басқа да аумақтарда қызметін жүзеге асыратын бақылау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты өсімдіктерді қорғау саласындағы тексеру парағы;
3) осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес өсімдіктерді қорғау саласында заңнамамен бекітілген фитосанитариялық есепке алу нысандарына сәйкес фитосанитариялық есептілікті ұсынуды, сол сияқты уақытылы ұсынуды жүзеге асыратын бақылау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты өсімдіктерді қорғау саласындағы тексеру парағы;