«Әскери оқу орындары мен әскери кафедралардағы оқу-материалдық базаны ұйымдастыру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 2 тамыздағы № 411 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2025 жылғы 11 қарашадағы № 1574 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Әскери оқу орындары мен әскери кафедралардағы оқу-материалдық базаны ұйымдастыру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 2 тамыздағы № 411 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15641 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Әскери оқу орындары мен әскери кафедралардың (әскери факультеттердің) оқу-материалдық базасын ұйымдастыру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Әскери оқу орындары мен әскери кафедралардың (әскери факультеттердің) оқу-материалдық базасын ұйымдастыру және пайдалану қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әскери оқу орындары мен әскери кафедралардағы оқу-материалдық базаны ұйымдастыру және пайдалану қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы Қағидаларға қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 3 және 4-қосымшаларға сәйкес осы Қағидаларға 2 және 3-қосымшалармен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери білім және ғылым департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;