(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КОМИТЕТІН...

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2015 жылғы 25 қыркүйектегі № 76 бұйрығы

(2025.07.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2025 жылғы 24 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2022.02.08. № 47/қе бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 1 сәуірдегі № 2922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ереже 19-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті туралы ереже бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті заңнамамен белгіленген тәртіпте:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде аталған бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

3) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықтың Ақтөбе облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

4) Ақтөбе облысы Әділет департаментінде осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны жөнінде мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Комитет Төрағасы

Н. Әбіқаев

 

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2022.02.08. № 47/қе бұйрығымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.