«Құрылыс статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2014 жылғы 27 қазандағы № 26 бұйрығы (2015.16.09. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Құрылыс статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2014 жылғы 27 қазандағы № 26 бұйрығы

 (2015.16.09. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2016 жылғы 29 қарашадағы № 279 бұйрығымен күші жойылды

 

 «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 3) және 8) тармақшаларына, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2014 жылғы 30 қыркүйектегі № 33 бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9779 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті туралы ереженің 13-тармағы 9) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) «Орындалған құрылыс жұмыстары (қызметтері) туралы есеп» жалппымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 0421101, индексі 1-КС, кезеңділігі айлық) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;

2) «Орындалған құрылыс жұмыстары (қызметтері) туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 0421101, индексі 1-КС, кезеңділігі айлық) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін;

3) «Орындалған құрылыс жұмыстары (қызметтері) туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 0411104, индексі 1-КС, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес;

4) «Орындалған құрылыс жұмыстары (қызметтері) туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі ңұсқаулық (коды 0411104, индексі 1-КС, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес бекітілсін;

5) «Объектілерді пайдалануға беру туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 0451101, индексі 2-КС, кезеңділігі айлық) осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.