«Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау әдістерін қолдану мәселелері бойынша алдын ала шешімдер қабылдаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 30 мамырдағы № 514 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 9 тамыздағы № 784 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау әдістерін қолдану мәселелері бойынша алдын ала шешімдер қабылдаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 30 мамырдағы № 514 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18759 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 65-бабы 19-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау әдістерін қолдану мәселелері бойынша алдын ала шешімдерді беру қағидаларында, шарттарында және мерзімдерінде:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау әдістерін қолдану мәселелері бойынша алдын ала шешімдерді беру қағидалары, шарттары және мерзімдері (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 65-бабы 19-тармағына сәйкес әзірленді және әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау әдістерін қолдану мәселелері бойынша алдын ала шешімдерді (бұдан әрі - алдын ала шешім) беру тәртібін, шарттары мен мерзімдерін айқындайды.