ЖОБА
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Мемлекеттік сатып алу туралы
Қабылданды - ҚР 2024 жылғы 1 шілдедегі № 106-VIII Заңын қараңыз
ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 28 қыркүйектегі № 844 Қаулысымен ҚР Заңының жобасы ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілді
1-тарау.
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңның қолданылу саласы
Осы Заң тапсырыс берушінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ мемлекеттік функцияларды не жарғылық қызметін орындауына қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға байланысты қатынастарға қолданылады, оған мыналар:
1) жеке тұлғалардан еңбек шарттары бойынша сатып алынатын көрсетілетін қызметтер;
2) кәсіпкерлік қызмет субъектілері болып табылмайтын жеке тұлғалардан өтеулі қызметтер көрсету шарттары бойынша сатып алынатын көрсетілетін қызметтер;
3) іссапар шығыстарын жүзеге асыруға байланысты көрсетілетін қызметтер;
4) мемлекеттік тапсырма;
5) жарналар (салымдар) енгізу, оның ішінде заңды тұлғалардың жарғылық капиталына енгізу;
6) ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық басқарушы компаниялар, ұлттық компаниялар, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар және олармен үлестес заңды тұлғалар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі, кейіннен сатып алу құқығымен жеке тұлғаларға немесе мемлекеттік емес заңды тұлғаларға сенімгерлік басқаруға берілген заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, оның ведомстволары, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құрылымына кіретін ұйымдар және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар сатып алатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер;