«Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 392 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022 жылғы 8 тамыздағы № 800 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 392 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16689 болып тіркелген) мынадай өзгерістер және толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жөніндегі уәкілетті органның ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларында:
7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«Ішкі мемлекеттік аудит, Заңның 18 бабына сәйкес қалыптастырылған тиісті жылға арналған ведомствоның мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесі (бұдан әрі – мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесі) негізінде жүргізіледі.
Ведомство және оның аумақтық бөлімшелері жоспардан тыс аудитті Заңның 18-бабының 5-тармағына сәйкес жүргізеді.
Аудиторлық есеп және қаржылық есептілік жөніндегі аудиторлық есеп бойынша жобаларына сапа бақылауын жүргізуді ескере отырып, жоспардан тыс аудит жүргізу мерзімі мемлекеттік электрондық аудитті қоспағанда, кемінде 10 (он) жұмыс күнін құрауы тиіс.