(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ ҚЫЛМЫС...

ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 2022.25.07. № 619 бұйрығымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрінің

2014 жылғы 1 қазандағы

№ 662 бұйрығына

30-қосымша

 

Осы редакция 2026 жылғы 10 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Қарағанды облысы бойынша және Ұлытау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті туралы
ЕРЕЖЕ

(2024.11.03. берілген өзгерістермен)


1. Жалпы ережелер

 

ҚР Ішкі істер министрінің 2023.11.04. № 287 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Қарағанды облысы және Ұлытау облысы бойынша Қылмыстық - атқару жүйесі департаменті (бұдан әрі-Департамент) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық - атқару жүйесі комитетінің (бұдан әрі-ҚАЖ комитеті) облыс аумағындағы қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелеріне басшылықты жүзеге асыратын аумақтық бөлімшесі болып табылады. Департамент ҚАЖ мекемелерінің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету және сотталғандарды жұмысқа орналастыру жөніндегі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалдарымен өзара іс-қимыл жасайды.

2. Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Департамент мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

5. Департаментке егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.