Синтетикалық есірткі өндірісінде әлеуетті пайдаланылатын прекурсорлардың, химиялық заттар мен жабдықтардың айналымына мониторинг жүргізу бойынша Ұлттық ведомствоаралық «Таргетинг орталық» пилоттық жобасын іске асыру туралы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің, Қазақстан Республикасы Көлік министрінің, Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2025 жылғы 9 қаңтардағы № 6-НҚ бірлескен бұйрығы
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының 2024 жылғы 12 қарашадағы № 10012 ПАБ-2 тапсырмасын орындау үшін «Синтетикалық есірткі өндірісінде әлеуетті пайдаланылатын прекурсорлардың, химиялық заттар мен жабдықтардың айналымына мониторинг жүргізу бойынша Ұлттық ведомство аралық «Таргетинг орталықтың» жұмыс процестерін әзірлеу және ұйымдастыру мақсатында БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің (бұдан әрі - ҚСжАЕК) базасында «Синтетикалық есірткі өндірісінде әлеуетті пайдаланылатын прекурсорлардың, химиялық заттар мен жабдықтардың айналымына мониторинг жүргізу бойынша Ұлттық ведомствоаралық «Таргетинг орталық»» пилоттық жобасы іске асырылсын.
2. «Синтетикалық есірткі өндірісінде әлеуетті пайдаланылатын прекурсорлардың, химиялық заттар мен жабдықтардың айналымына мониторинг жүргізу бойынша Ұлттық ведомствоаралық «Таргетинг орталық»» пилоттық жобасын іске асыру бойынша қоса берілген алгоритмі (бұдан әрі - Алгоритм) бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне, Қазақстан Республикасының Көлік министрлігіне, Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне: