«Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың басқарушы компаниясының есептілікті ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Өндіріс және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушысының 2019 жылғы 11 шілдедегі № 500 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 26 қыркүйектегі № 398 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2019 жылғы 11 шілдедегі № 500 «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың басқарушы компаниясының есептілікті ұсыну қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (бұдан әрі - Қағидалар) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19021 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
преамбула мынадай редакцияда жазылсын:
«Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 11) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген, арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың басқарушы компаниясы есептілікті ұсыну қағидаларында:
қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда ұсынылсын.
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің өнеркәсіптік инфрақұрылымды және елішілік құндылықты дамыту департаменті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің куратор вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.