«Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2026 жылғы 13 ақпандағы № 160 бұйрығы (қолданысқа енген жоқ)

Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2026 жылғы 13 ақпандағы № 160 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Сот сарапшысы біліктілігін беру үшін емтихандарды қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 30 наурыздағы № 335 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15031 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырып жаңа редакцияда жазылсын:

«Сот сарапшысы біліктілігін беру қағидаларын бекіту туралы»;

кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

«Сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 15) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес» БҰЙЫРАМЫН:»;

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған Сот сарапшысы біліктілігін беру қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын».

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сот сарапшысы біліктілігін беру үшін емтихан қабылдау қағидаларында:

тақырып жаңа редакцияда жазылсын:

«Сот сарапшысы біліктілігін беру қағидалары»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сот сарапшысы біліктілігін беру үшін емтихандарды қабылдау қағидалары, осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. «Сот сарапшыларын аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 30 наурыздағы № 336 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15033 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:»

кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

«Сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 18) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес» БҰЙЫРАМЫН:»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сот сарапшыларын аттестаттау қағидалары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.