Азаматтық қорғау органдарына қызметке кандидаттың кәсіби құзыреттерін, негізгі көрсеткіштерін айқындау және бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін (цифрлық рейтингін) есептеу тәртібі мен әдістерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 7 қыркүйектегі № 432 бұйрығы
(2025.13.05. берілген өзгерістермен)
ҚР Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2025.28.04. № 160 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2025 ж. 13 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2023.22.12. № 697 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2024 ж. 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 2-тармағына, 84-бабының бесінші бөлігіне, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 175-8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2025.28.04. № 160 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 13 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Азаматтық қорғау органдарына қызметке кандидаттың кәсіби құзыреттерін, негізгі көрсеткіштерін айқындау және бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін (цифрлық рейтингін) есептеу тәртібі мен әдістері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Кадр саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;