(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТТІҢ ҰСТАЛҒАНДАРДЫ ...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұсталғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасының 2016 жылғы 3 қарашадағы № 41 бұйрығы

 

Осы редакция 2018 жылғы 20 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 4-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұсталғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүру қағидалары бекітілсін.

2. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің ұсталғандарды және қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүрудің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 23 бұйрығының күші жойылған деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12988 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылы 15 ақпанда жарияланған).

3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (бұдан әрі - Ұлттық бюро) заңнамамен белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.